Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Боралдайлықтар көпір азабынан құтылды

30.11.2017 | 10:29
Боралдайлықтар көпір азабынан құтылды

Тұңғыш Президенті күніне орай Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округіне қарасты Орынбай Тайманов пен Ақжар елді мекендерін бөліп тұрған Боралдай өзенінен жаяу жүргіншілерге арналған жаңа аспалы көпір пайдалануға беріледі деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.  Шараға Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н.Айтбеков қатысып, жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің лентасын салтанатты түрде қиды.Облыстық бюджеттен 45 млн 306 мың теңге қаржы бөлініп, маусым айында ұзындығы 144 метр болатын аспалы көпір құрылысын қолға алған «ЖБИ-С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі белгіленген мерзімде ел игілігіне пайдалануға беріп отыр. Айта кетерлік жайт біраз жылдардан бері орталықпен 276 тұрғыны бар Ақжар ауылын қосатын көпірдің нашарлығынан Боралдай өзенінен өту сол ауылдың тұрғындары үшін қиын болатын. Бүгін міне көптің тілегі орындалып, 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай пайдалануға беріліп отырған жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің тұрғызылғандығына Ақжар елді мекенінің тұрғындары ризашылықтарын білдірді. Енді боралдайлықтар жол, көпір азабын көрмейтін болды.

 
Көрілді: 294
Жаңартылған: 30.11.2017 | 10:32
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар