Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Түркістанда алып ту еңсе тіктеді

30.11.2017 | 10:19
Түркістанда алып ту еңсе тіктеді

 Мемлекет басшысының Ұлт Жоспары «100 нақты қадамының» 85-қадамында айтылған «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасы аясында Түркістанда еліміздегі биіктігі жағынан үшінші алып бой көтерді. «Рәміздер алаңы» деп аталатын әрбір жанның рухын оятатын аллея қасиетті қалаға Шымкент бағытынан кіре берістегі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің қарсы алдына орналасты. Мұнда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері көрініс тапқан және елдік мұратты меңзеген қанатты сөздер жазылған арнайы тас тақталар сап түзеген. Көпшіліктің демалыс аймағы ретінде салынған орында адамдар үшін арнайы орындықтары, су сылдырымен әсем әуен шырқалатын субұрқақ бар. Бұған дейін шаһар басшысы Ә.Өсербаев қала зиялыларын осы нысанның құрылысымен таныстыру барысында «Рәміздерге деген құрмет Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің белгісі болып табылады. Сондықтан еліміздің оның ішінде Түркістан қаласы тұрғындарының патриоттық рухын арттыру, туған жерге және оның Рәміздеріне деген құрметін, мақтанышын оятайық деген мақсатпен осы «Рәміздер алаңы» аллеясын салып отырмыз», - деген болатын. Сол «Рәміздер алаңы» аллеясының құрылысы бүгінде өз мәресіне таяды.     Тәуелсіз мемлекетіміздің жаршысы Қазақстан Республикасының Туы ілінген тұғырдың биіктігі 62,5 метрді құрайды. Ал Тудың ені 12 метр болса, ұзындығы 24 метр. Мамандардың айтуынша биіктігі жағынан еліміздегі үшінші Ту ретінде саналып отыр. Нысанның құрылысына қала бюджетінен 226,3 млн. теңге қаржы қаралған. Рәміздер - біздің ұлттық арымыз бен намысымыз.

 
Көрілді: 244
Жаңартылған: 30.11.2017 | 10:21
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар