Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасы құрған бірегей институт»

29.11.2017 | 21:25
«Қазақстан халқы Ассамблеясы –  Елбасы құрған бірегей институт»

«Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясы көпшілікке үлгі болу керектігін айтып еді. Бүгінде баршаға үлгі болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, елдегі оқиғаларға байланысты ойын ортаға салып отыратын Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жақында дөңгелек үстел өткізді. Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың ұйымдастыруымен  өткен жиын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне аранлып, «Қазақстан халқы Ассамблеясы –  Елбасы құрған бірегей институт» тақырыбында өтті. Жиынға ғалымдар, облыстық этномәдени бірлестіктер мен ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, діни конфессиялардың өкілдері қатысты. Мәжілісті ашып, жүргізген ОҚО ҚХА төрағасының орынбасары, облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.О.Қалмұратов Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Мемлекет басшысы еліміздегі алуан түрлі мәдениеттер мен этностар арасында төзімділік қарым-қатынасты қалыптастырудың мақсаты мен дәйекті саясатын ұстануды ұсынғанын айтып, жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығына, Елбасының тарихи шешімдеріне кеңінен тоқталды. Шара аясында Елбасы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, арнайы әзірленген бейнефильм көрсетілді. ОҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері  Орынбай Рахманбердиев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Асхат Есенәлиев, ОҚМПУ профессоры, т.ғ.к. Сағынғали Әбубәкіров, М.Әуезов атындағы ОҚМУ профессоры, п.ғ.д. Нигматжан Алметов және облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак баяндама жасап, Мемлекет басшысының жалпыұлттық бірлік саласындағы салиқалы саясатын, әлемдік аренадағы биік беделін, ел экономикасын арттыру жолындағы жасампаз еңбектері туралы сөз сөйледі.

 
Көрілді: 259
Жаңартылған: 29.11.2017 | 21:27
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар