Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Созақта футбол алаңы ашылды

29.11.2017 | 20:54
Созақта футбол алаңы ашылды

1 желтоқсан Тұңғыш Президент мемлекеттік мерекесі күні қарсаңында Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында шағын футбол алаңы ашылды. Спорт алаңының ашылуына аудан әкімі Салыхан Полатов қатысып құттықтау сөз сөйледі. «Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2050  Стратегиясы атты халқына арнаған Жолдауында, аудан, қала әкімдеріне халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы мәселені шешуді тапсырамын деген болатын. Бүгінде біз осы тапсырманы орындау мақсатында жұмыстар жасап келеміз. Мәселен, аудан бойынша 236 спорт ғимараттары бар. Оның ішінде иппадром, теннси алаңы, жүзу бассейндері тұрақты жұмыс істеп келеді. Міне, бүгін тағы бір шағын футбол алаңын ашып, барша спорт сүйер қауымға жағдай жасап отырмыз» деді.Ашылу салтанатында, аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Байғараев, ардагер спортшы, Созақ ауданының Құрметті азаматы Аманғали Аймұрзаев сөз сөйлеп, жиналған спорт сүйер қауымды құттықтады. Аудандық бюджет 11 млн теңгеге соғылған футбол алаңшасында жанкүйерлер отыратын орындық, жаңа қақпа, жасанды төскеніш салынған. Жаңа шағын футбол алаңында ауыл округтер арасында жасақталған командалар арасында футболдан жарыс жалауын желбіретті.  Елбасы қазақстандықтардың 30 пайызға жуығы бұқаралық спортпен қамтылуы керектігін міндеттеген болатын. Осыны жүзеге асыру мақсатында аудан басшысы әрбір елді-мекенде спорт алаңшалары мен спорт кешендерін салуды тапсырған. Жыл аяғына дейін Шолаққорған ауылында демеушілер есебінен тағы бір спорт алаңшасы ашылатын болады.

 
Көрілді: 244
Жаңартылған: 29.11.2017 | 20:56
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар