Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ауылдардың бюджеті болмақ

29.11.2017 | 20:35
Ауылдардың бюджеті болмақ

     Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуді тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, Төлеби ауданында жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу бойынша іс-шара жоспарының іске асырылуын қамтамасыз ету үшін жұмыс тобы құрылды. Қазіргі таңда еліміздің бюджет жүйесі 3 деңгейден тұрады. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде дербес бюджет жоқ.   Аталмыш бюджетінің кірістері үш бөлімнен тұрады. Салықтық түсімдерден, салықтық емес түсімдер және аудандық бюджеттен берілетін трансферттер. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірлікте мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде, яғни біздің аудандағы 1 қалалық және 12 ауылдық округ толығымен енеді, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде енгізіледі. Алдағы уақытта Төлеби ауданындағы халық саны екі мыңнан астам әкімшілік аумақтық бірліктердің өз бюджеті болмақ. 

 
Көрілді: 176
Жаңартылған: 29.11.2017 | 20:37
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар