Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Отбасы құндылығы - байлықтың көзі

29.11.2017 | 19:07
Отбасы құндылығы - байлықтың көзі

Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «қоғамда отбасының беделін көтеру, мәдениеттілікті, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» бойынша әлеуметтік маңызды жобаны іске асыру және Мемлекет басшысының «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында отбасы құндылықтарын сақтау, дәстүрді дәріптеу тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесіп Төлеби аудандық орталық кітапханада «Жақсы дәстүр – отбасының тірегі» атты тақырыпта кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты әрбір азамат өз санасында отбасы мүшелерінің қадір-қасиетін түсініп, әрбірін жеткілікті дәрежеде бағалап, отбасындағы ашу-ызаның тәрбиеге кері әсерін түсіндіру, қатысушылардың жүрегіне ұлттық мақтаныш ұялату болды.   Кездесу барысында «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Маманова ежелден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлер туралы, олардың жас ұрпаққа тәрбие берудегі маңызы туралы айтты. Жоба аясында арнайы дайындалған бейнероликтер мен бейнефильмдер көрсетілді, отбасындағы ұлттық құндылықтардың орны туралы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар психолог Г.Малғайдарова психологиялық тренинг ұйымдастырып пайдалы кеңестер берді. Кездесуде «Алина» балабақшасының бүлдіршіндері өздерінің өнерін ортаға салды, ал №8 колледж-лицейінің студенттері кітапхана оқырмандарымен бірлесіп салт-дәстүрден сахналық қойылым көрсетті. Кездесудің маңыздылығын көрсету мақсатында Төлеби аудандық кітапхана қызметкерлері осы тақырыпқа сай кітап көрмесін ұйымдастырды.

 
Көрілді: 158
Жаңартылған: 29.11.2017 | 19:09
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар