Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Былғарыдан дайын өнім шығармақ

09.11.2017 | 11:04
Былғарыдан дайын өнім шығармақ

Халықтың әлеуетін көтеретін шағын және орта бизнес екені анық. Елбасы «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында да «Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады» деп атап өтуі бекер емес. Отандық бизнесте өзіндік орны қалыптасып келе жатқан «Turan -Skin» кәсіпорны кеңейіп келеді. Оңтүстіктегі тері өңдеумен айналысатын кәсіпорын бұған дейін тек жартылай өңдеу ісімен айналысып келген болатын. «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан кәсіпорын бір күнде екі тонна ірі қара терісін кәдеге жаратып отыр. Былтыр 200 миллион теңгенің былғары өнімін шығарған. Қазір кәсіпорын өз елімізден ғана емес, шет елдерден де тапсырыс қабылдауда. Ісі ілгерілеп келе жатқан зауыт енді дайын өнім шығаруға ден қойыпты. Нақтырақ айтқанда былтыр жиһаздар, аяқ киім мен ішіктер алдағы уақытта нарыққа шығатын болады. 2002 жылы ашылған цехта бүгінде мүйізді ірі қара мал мен қой терісі күрделі өңдеуден өтеді. Сапалы өнімге сұраныстың жоғары болатыны сөзсіз емес пе? «Turan -Skin»-нің өнімдерін қазір Қазақстан ғана емес сонымен қатар Түркия, Қытай, Ресей, Иран және Италия мемлекеттері де пайдаланып отыр. Зауыт басшысы кәсіпорынның мұндай дәрежеге жетуіне мемлекеттік бағдарламалардың септігінің тигенін жасырмады. Бәсекеге төтеп беріп келе жатқан зауыт бүгінде бірнеше азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 

 
Көрілді: 50
Жаңартылған: 15.11.2017 | 11:07
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар