Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жастарға "сырға салды"

14.11.2017 | 16:41
Жастарға

      «Қазақстан 2050» Стратегиялық  жоспарында Елбасы жастар жұмыссыз қалмауы тиіс деп атап өткен болатын. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықпен күрес жайы талқыланған жиын өтті. Жиынға өңірдегі жұмыс берушілер  мен арнайы мамандар қатысты. Қатысушылар жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетудің жолын қарастырып,  мамандарды дайындау аясында әлеуметтік серіктестікті дамытудың мәселелерін айтты. Түрлі мамандарды даярлайтын оқу орны әр шәкірті үшін алаңдайды және жұмысқа орналастыруға жағдай жасайды.  Жоғары оқу орнында болашақ педагогикалық маман иесінің теориялық білімін кәсіпорындарда тәжірибемен ұштастыруына жағдай жасалған. Оқытушылар құрамы студенттердің таңдаған мамандықтарының қыр -сырын меңгеруіне қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Дөңгелек үстелге қатысқан жұмыс берушілер Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің тәжірибесі үлгі тұтарлық дейді. Олар оқу ордасының студенттеріне осы бастан «сырға салып қойды». Жалпы мекеме және ұйымдардың басшылары мен оқу орындарының арасындағы осындай байланыстар елдегі жұмыссыздық мәселесінің алдын-алуға септігі тиетіні анық. 

 
Көрілді: 276
Жаңартылған: 14.11.2017 | 16:43
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар