Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жапондар Оңтүстікке инвестиция құйғысы келеді

14.11.2017 | 16:12
Жапондар Оңтүстікке инвестиция құйғысы келеді

Tohoku Electric Power компаниясы Жапониядағы ірі электр-энергетикалық компания болып саналады. Кәсіпорынның ірі және шағын АЭС, ЖЭС, СЭС және т.б. нысандарды салуда және пайдалануда тәжірибесі бар. Таяуда компания өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Делегацияны облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен  кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының жетекшісі Батырхан Құрмансейіт күтіп алды. Қос тарапты кездесу барысында жапониялық мамандар өңіріміздің энергетикалық саласына инвестиция құю мүмкіндігін қарастырды. Сондай-ақ әріптестікті одан әрі нығайту және дамыту мақсатында энергетикалық салада, оның ішінде баламалы энергия көздері саласында біріккен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруды әңгімелесті. Шетелдік мамандар осы мақсатта зерттеу жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.

   Айта кетейік, Елбасы «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында «Біз инвесторларды елімізге ең заманауи өндіру және қайта өңдеу технологияларын беру шартымен ғана тартуға тиіспіз. Біз инвесторларға еліміздің аумағында ең жаңа өндірістер құратын болса ғана шикізаттарымызды өндіру мен пайдалануға рұқсат беруге тиіспіз.Қазақстан инвестиция үшін өңірлік тартылыс күші болуы тиіс. Біздің еліміз инвестиция үшін және технологиялар трансферті үшін Еуразиядағы ең тартымды болуға тиіс. Мұның принципті маңызы бар. Біз инвесторларға қолда бар артықшылықтарымызды көрсетуге тиіспіз»,- деп атап өткен болатын. Осы орайда Оңтүстікте инвестиция тарту жұмысы қарқынды жүргізіліп келе жатқанын еске сала кетейік.

 
Көрілді: 205
Жаңартылған: 14.11.2017 | 16:17
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар