Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Бірінші байлық...

14.11.2017 | 15:52
Бірінші байлық...

     Дені сау адам – мемлекеттің басты байлығы. Сондықтан болар Елбасы жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында халықтың денсаулығын нығайтуға баса мән береді. Мәселен «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында аурулардың алдын-алу, ана мен бала денсаулығын жақсартудың жолын табу керектігі айтылған. Жолдау негізінде  бүгінде «Денсаулық» бағдарламасы қабылданған. Осы орайда бағдарлама аясында Шымкент қалалық № 44 «Жанар» балабақшасында семинар өтті. Семинарда балардың есте сақтау қабілетін жақсарту тақырыбы сөз болды.  Балаларға түсінікті болу үшін мамандар ақпаратты ұсақ моторика және дидактикалық ойындар арқылы жүргізді. Бұл әдіс баланың логикалық ойлау қабілетін арттырып, таным көкжиегін кеңейтті. Кез-келген ақпараттың 90 пайызы көру арқылы жадыға тоқылатыны белгілі. Білікті тәрбиешілер осыған жіті көңіл бөлді. Арнайы слайдтар әзірлеп, балалармен қойылым дайындаған. «Бүгінгі мақсат- Елбасының салауатты өмір салтына бағытталған бағдарламаын насихаттау және балаларды денсаулықты сақтауға, аялауға үйрету»,- дейді № 44 «Жанар» балабақшасының меңгерушісі Салтанат Шымырбекова.

    Әр адамның денсаулығы өз қолында. Мұны үйретуді әрине бала-бақшадан бастаған жөн. 

 
Көрілді: 277
Жаңартылған: 14.11.2017 | 15:54
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар