Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Медиаторлар бас қосты

14.11.2017 | 15:30
Медиаторлар бас қосты

Кезінде қазақ халқы даулы мәселелерді қазылардың көмегімен шешіп отырған. Қашанда әділдігін айтатын би-қазылар екі тарапқа да тиімді шешімді шығаруға тырысып келді. Дауды бітімгершіліәкпен шешуге талпынып отырды. Бұл әдісті ескінің қалдығы демей бүгінде мамандар сот ісінде пайдаға жаратып отыр. Яғни қазір халық медиаторларға көптеп жүгінуде. Медиаторлардың қажеттілігі туралы Елбасы Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» атап өтіп, олардың құзіреттілігін арттыруды тапсырған болатын. Тапсырмаға орай соңғы уақытта қоғамда медиаторлардың ролі артып келеді. Жақында қоғамдағы тұрақтылықты сақтап, ағайын арасындағы татулықты берік ететін медиация қызметін күшейту үшін Шымкентте кәсіби медиаторлар бас қосты. Облыстық Ассамблея ғимаратында өткен жиынға өңірдегі медиаторлар мен құқыққорғау және сот саласының мамандары жиналды. Сала мамандарының айтуынша, қазір облысымызда 500-ге жуық медиатор бар. Оның он пайызға жуығы - кәсіби мамандар. Соңғы екі жылда осы медиаторлардың араласуымен біраз іс оң шешімін тапқан. Басқосуда медиация процестерін  ілгерілету, дамыту мәселелері талқыланды. 

 
Көрілді: 298
Жаңартылған: 14.11.2017 | 15:33
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар