Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Кәсіпке баулиды

14.11.2017 | 15:23
Кәсіпке баулиды

       Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясы атты халыққа арнаған Жолдауында айтылғандай, бүгінде тегін кәсіп үйреніп, ісін дөңгелетіп алып кете алғандарға мемлекет үлкен мүмкіндік беріп отыр. Әсіресе құлшынысы басым жандарға кәсіп үйрету дұрыс жолға қойылып келеді. Мәселен, облысымыздағы жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша жұмысшы кадрларын дайындайтын базалық колледжде 821 студент үш кәсіптік мамандық бойынша білім алуда. Түлектері 100 пайыз жұмыспен қамтылады. Оған себеп, дуальді оқыту жүйесі жемісін беріп келеді. №5-ші колледжде үш айлық курстан өткен жанның бірі Айнаш. Кезінде кәсіби хореограф болған ол мамандығын балалы болғанда тастаған көрінеді. Енді міне, мемлекеттің зор мүмкіндігін пайдаланып тігін ісін үйреніп алды. Осы кәсібі арқылы несібесін таппақ. Аталмыш колледже білікті мамандар дәріс береді. Жобаға ынта танытқандар тегін оқиды. Қосымша шәкіртақы алады. Жайлы жатақханасы тағы бар. Бәрінен де тиімді тұсы оқу орны шәкірттерін далада қалдырмай жұмыс орнын тауып береді немесе кәсіп ашуына жол сілтейді. Себебі кәсіптік білімге баулитын оқу орындары өнеркәсіп ошақтарымен ұдайы тығыз байланыс орнатып, мамандарға деген сұранысты қанағаттандырып келеді. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша биылғы оқу жылында 9105 шәкірт кәсіптік білім алуда. Өңірде 43 мемлекеттік, 45 жекеменшік кәсіптік колледж бар. Бұл оқу ордалары аспаз, даяшы, қызметші, тігінші, құрылысшылардың тұтас буынын тәрбиелейді. Отандық өнеркәсіптің  дамуына аталған мамандар таптырмас кадр  екені анық.  

 
Көрілді: 302
Жаңартылған: 14.11.2017 | 15:29
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар