Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Диқандардың еңбегі еленген күн

08.11.2017 | 17:43

Мемлекет басшысының «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында 2050 жылға қарай ел жалпы ішкі өнімдегі ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі бес есеге артуы тиіс деген тапсырмасын жүзеге асырып келе жатқан ордабасылық диқандар таяуда «Алтын күз» мерекесін тойлады. Мерекелік жиын барысында ауылшаруышылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, азық-түліктер базардағыдан әлдеқайда төмен бағада сатылды. Сондай-ақ шара барысында жыл бойына көрсеткен еңбектің нәтижелері айтылып, ауыл шаруашылығы саласының озат диқандары анықталып, оларға айтарлықтай құрмет көрсетілді. Әсем ән мен тәтті күй шырқалып, тартысты спорттық сайыстар өткізілді. Мамандардың айтуынша аудандағы диқандар жаңа технологияны тәжірибеге енгізіп, мол өнім алудың қыр-сырын меңгеріп алған көрінеді. Бұл сөзімізге жақында облыс көлемінде  «Агрофест» фестивалінде озық технологияларды жаңартуда ордабасылық шаруалардың бірінші орынды иеленіп алуы дәлел. Аудан бойынша бидайдың өзі 22 центнерден беріп отырғанын айта кетейік. Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыжановтың айтуынша жергілікті шаруалар «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының арқасында мал шаруашылығынан мол табысқа кенеліп отырған көрінеді. 

 
Көрілді: 61
Жаңартылған: 13.11.2017 | 17:43
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар