Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Мейірімді жүрек» акциясы өтті

08.11.2017 | 17:33

 

Президент «Қазақстан -2050» Стратегиялық жоспарында «аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті. «Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге ден қою керек. «Смарт-медицина», қашықтан профилактика және емдеу, «электронды медицина» қызметтерін енгізу керек». Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында айтылған осы бір тапсырма аясында бүгінде медицина нысандарында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Осындай шаралардың бірі Қазығұрт аудандық ауруханасында өтті. «Мейірімді жүрек» атты акция аясында дәрігерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін медициналық қызмет көрсетті. Әлеуметтік маңызы артқан сырқаттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аурухана қызметкерлері ашық есік күннің арқасында түрлі қауіпті аурулардың алдын алуға болады дейді. Сондай-ақ, шара барысында салауатты өмір салтын насихаттайтын ақпараттық-танымдық материалдар да таратылған. Тұрғындар болса барлық қызметті бір ғимараттан алғанға қуанып, акцияның жиі ұйымдастырылып тұруын тіледі.

image l

 
Көрілді: 35
Жаңартылған: 13.11.2017 | 17:35
Категориялар: Қоғам