Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мемқызметкер қандай болуы керек?

08.11.2017 | 17:30

 

Мемлекет басшысы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамында мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып, олардың кәсібилігін арттырудың жолдарын ұсынған болатын. Жаңа тәжірибені оңтүстік өңірі де қолданысқа енгізуде, әсіресе «таланттарды басқару» әдісі мемқызметкерлерге көптеген  мүмкіндіктер ұсынбақ. Жақында өткен жиында облыс әкімі Ж.Түймебаев осы мәселені қозғады. Өңір басшысы мемқызметкерлермен кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер облыс әкіміне біліктілікті жетілдіру, әлеуметтік жағдайды көтеру, ынталандыру мәселелері бойынша өз ұсыныстарын айтып, емін-еркін пікір алмасты. «Мемлекеттік қызметкер болу – оңай шаруа емес. Өйткені бұл өте жауапты іс. Бұл жолда әрбір қызметкердің кәсібилігімен қатар біліктілігі, білімдігі, адалдығы мен ар-ожданы таза болуы керек. Сонда ғана елге сапалы қызмет көрсете аласыздар», - деді Жансейіт Қансейітұлы. Айта кетейік, бүгінде жергілікті билік кадр таңдауда «үздіктерді» конкурсқа қатысушылар арасынан іздеу сияқты үйреншікті әдіске ғана жүгінбей, әлемдегі дамыған елдер үлгісімен «таланттарды басқару» әдісін пайдалануды қолға алған. Соның нәтижесінде сапалы мамандар қатары артып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы да едәуір жақсарып келеді. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті атқарушы органдарда 4573 мемлекеттік әкімшілік лауазым иесі қызмет етеді. Оның 1122-сі әйел азаматтар. Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 39-ды құрайды.

1439551360 official-civil-servant

 
Көрілді: 55
Жаңартылған: 13.11.2017 | 17:31
Категориялар: Қоғам