Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Сарыағашта фронт-офис ашылды

08.11.2017 | 17:26

 

Елбасының Ұлт Жоспары «100 нақты қадамының» соңғы қадамында Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelin үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру туралы тапсырмалар бар. Яғни, мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Осы қызметтің арқасында Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік алды. Халыққа тиімді жобаны сарыағаштықтар да жүзеге асыруда. Таяуда Сарыағаш ауданында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ның алғашқы біріккен аудандық офисі ашылды. Сарыағаш қаласында орналасқан фронт-офисте жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік корпорация ұсынатын барлық қызметтер көрсетіледі. Екінші қабаттағы бэк-офистергде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеуге қатысты, жер қатынастары мен жылжымайтын мүлікті тіркеуге байланысты қызметтер көрсетіледі. Ғимараттың ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов, облыстық мәслихат депутаты Ә.Досболов пен ардагерлер ұйымының өкілдері сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Сарыағаш ауданында 350 мыңнан астам халық тұрса, мемлекеттік корпорация арқылы 64337 адам әлеуметтік төлем алады.

img215487 4474

 
Көрілді: 64
Жаңартылған: 13.11.2017 | 17:28
Категориялар: Қоғам