Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әлеуметтік көмек жаңа форматта көрсетілуде

08.11.2017 | 17:22

 

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту керектігін Елбасы әр Жолдауында атап өтуде. Мәселен, «Қазақстан-2050» Стратегиялық жоспарында ел ішіндегі күн көрісі төмен азаматтарға әлеуметтік жәрдем көрсету керектігін баса айтқан болатын. Оңтүстік Қазақстан облысында 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар екен. Одан бөлек аудандарда 7 күндізгі қатынау бөлімі жұмыс істейді. Аталған орталықтар азаматтарға жаңа форматта әлеуметтік көмек көрсетуде.

«Айта кетерлігі, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек. Оның қазіргі әлеуметтік төлемдерден басты айырмашылығы, ол тұрмысы төмен азаматтарға немесе отбасыларға көрсетілетін қолдаудың үш түрін бір пакетпен ұсыну болып табылады. Олар: атаулы әлеуметті көмекті төлеу, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу шараларымен қамтамасыз ету. Жаңа форматтағы көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады», - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағадарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев.

Сондай-ақ, басқарма басшысының айтуынша, 8530 мұқтаж азамат арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған. 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде республикалық бюджет есебінен 155,6 млн. теңгеге 8 үкіметтік емес ұйым 700 мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынған.

2017110111453016252 ccaa3fc0-c5c9-4081-9ee1-208b828728f6

 
Көрілді: 28
Жаңартылған: 13.11.2017 | 17:25
Категориялар: Қоғам