Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

ОҚО-да дәнді дақылдарды жинау аяқталды

08.11.2017 | 17:16

 

Елбасының тапсырмасына орай ауыл шаруашылығының дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолданудың арқасында мол өнімге қол жеткізді. Мәселен, облыс бойынша 258,8 мың гектар жерге егілген дәнді дақылдар шаруалар 589 мың тонна өнім алған деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызыметі. Мемлекеттің қолдауымен шаруалардың еселей еңбегімен арқасында биыл қанбаға 400 мың тоннаға астық құйылды. Оның ішінде 345 мың тоннасы бидай болса, арпа 52 мың тонна. Одан өзге биыл дәндік жүгеріден гектарына 47,6 центнерден өнім алынып, 178 мың тонна жүгері жиналды. Сырдария өзенінің сағасында орналасқан Мақтарал мен Шардара аудандарының дихандары 2,2 мың га жерге күріш егіп, одан гектарына 64,5 центнерден өнім алып, 14 мың тоннаға жуық күріш жинады. Осылайша биыл облыс бойынша дәнді-дақылдардың көлемі 589 мың тоннаны еңсерді. Жалпы күнгейлік шаруалар ау-райының аса қолайлы болмағанына қарамастан, биыл олар гектарынан орташа есеппен 18,4 центнерден нім жинады. Тіпті Мақтаралмен Шардара, Түркістанда гектарына 30центнерден өнім алып, үздік нәтижеге қол жеткізді. Егін шаруашылыған дамытуда шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау күшейтілген. Жалпы жыл басынан бері тұқым шаруашылығын қолдау үшін 500 млн., миниралды тыңайтқыштарға 3 млрд., ал гербеситтер пиогенттерге 276 млн. теңге көлемінде субсидия үлестірілген. Мемлекеттің мұндай қолдауына 10 мыңға жуық ауыл-шаруашылығы тауар өндірушілері ие болды.

10c9af5eb8a764041cd2a1d02f2f942c 1

 
Көрілді: 43
Жаңартылған: 13.11.2017 | 17:21
Категориялар: Қоғам