Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ақпыз, қара, сарымыз...

08.11.2017 | 17:14

8453944dff44788c64118df1c94059c7

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өңіріміздегі этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті. Спартакиада Елбасының «Қазақстан -2050» Стратегиялық жоспарында айтылған еліміздегі этностардың бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осымен 10-шы рет өтіп жатқан шараның ашылу салтанатына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Өңіріміздегі этностардың достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда мұндай шаралардың маңызы зор екендігіне тоқталды. Облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің және ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» ҚММ қызметкерлерімен құрылған командалар кіші футбол, шахмат, үстел теннисі, қашықтыққа жүгіру, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өзара сынға түсті. Сайыс нәтижесінде бас жүлдені облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жеңіп алса, 1 орынға облыстық славян этномәдени бірлестігі ие болды. Ал ІІ орын облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің, ІІІ орын облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің атынан қатысқан командаға бұйырды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлыққа ие болды. 

 
Көрілді: 42
Жаңартылған: 13.11.2017 | 17:15
Категориялар: Қоғам