Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әлеуметтік базарлар ашылмақ

08.11.2017 | 17:06

 

Әлеуметтік салаға Елбасы әр жолдауында айырықша көңіл бөледі. Мәселен «Қазақстан -2050» Стратегиялық жоспарында Президент халықтың әлеуетін жақсарту жолдарын екшелеп берген болатын. Жолдау жіктеген міндет бойынша Оңтүстікте бірқатар шаралар атқарылуда. Соның бірі жақында өңірдің әрбір аудан, қалаларында тауар өндірушілер мен дихандарға өз өнімдерін саудалауға мімкіндік беретін әлеуметтік базар ашылмақ. Бұл туралы өңір басшысы Ж. Түймебаев селекторлық режимде хабарлады. «Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауар бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында өңірде бір ай көлемінде әлеуметтік базарлар ашуымыз қажет. Ол үшін Шымкенттен бір-біржарым гектар жер қаралып, талапқа сай жасақталуын, ал ірі аудандар жетпіс соттық, кіші аудандар елу соттық жер бөліп аз уақыттың ішінде тауар өндірушілерге өз өнімдерін сақтауға мүмкіндік жасалу керек», -деді әкім. Сонымен қатар, аймақ басшысы әлеуметтік базарларда өнімдер ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне бәсекелесетіндіктен және тауар өндірушілермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы өнім бағасын төмендетуге мүмкіндік туатынын атап өтті.

Мамандардың айтуынша, бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс аудан аумағындағы сауда орындарының басшыларының баға негізсіз өсірмеу жөнінде мемарандумға қол қойылған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық тауарларының жәрмеңкесінің өткізу арқылы баға тұрақтылығы сақталуда. Мәселен, жыл басынан бері өңірде 77 жәрмеңке ткізілген болса, онда жалпы соммасы 639,3 млн. теңге болатынын 842,1 тонна азық-түлік тауарлары сатылған. Яғни, жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкедегі тікелей сатылымының есебінен бағалар нарықтағыдан төмен болған. Бұдан бөлек, ол ӘКК тұрақтандыру қорына азық түлік тауарларын жеткізу бойынша жалпы соммасы 752,3 млн. теңгені құрайтын фьючерлік/ форвардтық келісім шарттарға қол қойылғанын жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында- 1мың тонна қант, 2 мың тонна картоп, 1мың тонна пияз, сәбіз 1200 тонна, күріш 70 тонна, ал сиыр еті 200 және 30 тонна макарон өнімдері бар. Мұнан бөлек, қоймада өткен жылы алынған тауарлардан қалған 2500 тонна ұн, 1244 тонна қант 69,1 тонна күріш сақталуда.

24b42114be273b2ce6282dcb33e

 
Көрілді: 95
Жаңартылған: 13.11.2017 | 17:08
Категориялар: Қоғам