Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Тәртіпсіздікке төзбеу-қылмыстың алдын алады

08.11.2017 | 17:02

 

«Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс. Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең  ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына  селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі  қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы-қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам. Біз құқықтық нигилизімді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек». Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында айтқан осы бір қағиданы оңтүстіктегілер де ұстанып келеді. Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы  Жанат  Сулейменованың айтуынша  жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде облыс аумағында орын алған жалпы қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны 13,6 пайызға төмендетті. Сонымен қатар, жекелеген қылмыстың түрлері де азайған. Жалпы ауыр және аса ауыр қылмыстардың  ашылымы жақсарып келеді. Мамандар қоғамдықтәртіпті сақтау, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі құқық қорғау органдарымен бірлесе жергілікті полиция қызметі 22 түрлі кең көлемді жедел алдын алу шараларын ұйымдастырған. Аталған іс-шаралардың нәтижесінде облыстағы жедел жағдай тұрақты болып, қылмыстар саны азайды.

8f02a22528a0fc5a0c808fdea93e95aa

 
Көрілді: 108
Жаңартылған: 13.11.2017 | 17:05
Категориялар: Қоғам