Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жол көлік оқиғалары төмендеді

08.11.2017 | 16:56

 

«Біз ананы қорғап-қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету жайттарының көбеюі алаңдатады. Бірден, айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс». Президент «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында осылай деген болатын. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысында тұрмыста жасалған қылмыстардың алдын алу мақстында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Сондай-ақ «Отбасындағы зорлық зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында акцияар ұйымдастырылды. Нәтижесінде отбасы-тқрмыстық саладағы қылмыстар 5,9 пайызға төмендеген. Жол-көлік оқиғаларын алдын-алу, сондай-ақ облыс автожолдарында қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, автоапаттылық деңгейін азайту, ауыртпашылықты төмендету мақсатында, ағымдағы жылы облыс аумағында «қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «абайлаңыз балалар», «Автобус», «Мас жүргізуші-қылмыскер» жедел профилактикалық іс шаралары өткізіліп, өз жалғасын тауып келеді. Мамандардың айтуынша, профилактикалық шаралардың нәтижесінде облыс аумағындағы жолдарда орын алған жол көлік оқиғалары 5,9 пайызға төмендеген. Алайда облыстық және жергілікті маңызды автожолдарда болған 801 жол көлік оқиғалардың салдарынан 142 тұлға қаза тауып, 1133 тұлға әртүрлі дене жарақат алған.

dtp 8 18

 

 
Көрілді: 105
Жаңартылған: 13.11.2017 | 16:58
Категориялар: Қоғам