Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ассамблея мүшелері мақтаралдық жастармен кездесті

08.11.2017 | 16:52
Ассамблея мүшелері мақтаралдық жастармен кездесті

«Азаматтық татулық  пен ұлтаралық келісім - біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің  бірегей еуразиялық үлгісі болды». Бұл Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарынан алынған үзінді. Жолдауда айтылғандай бүгінде еліміздегі Ассамблея әлем елдеріне үлгі болып келеді. Өңірдегі Ассамблея мүшелері Мақтарал ауданының жастарымен кездесті. Аудандық мәдениет үйінде өткн жиынға облыстық Қазақстан халқы Ассаблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, акудандық прокуратураның аға прокуроры Мақсат Ералиев, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев және аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің басшылары мен этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының мүшелері, аудан жастары қатысты. «Тұрақтылық пен даму, татулық пен достық- бәрімізге ортақ қастерлі құндылықтар. Әрі, Тәуелсіздігіміздің басты тірегі. Елімізде жүргізілген дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында бірлігі жарасқан, берекелді елде ғұмыр кешіп жатырмыз. Тыныштығы бұзылған елдерде не болып жатқанын өздеріңіз көріп жатырсыздар. Ғасырлар бойы қол жеткізген жетістіктер әп-сәтте күл-талқан болып, қаншама адамдар опат болуда. Сондықтан біртұтас халық болып, берекелі ғұмыр кешудің үлкен бақыт екенін  ұмытпауымыз тиіс. Жастар  осы жолды табанды түрде жалғастырып, көздің қарашығындай қорғауы керек», - деді жиында сөз сөйлеген облыстық Қазақстан халқы Ассаблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов. Кездесу барысында қатысушылар да тұрақтылық, бейтітшілік туралы ойларын ортаға салды. 

 
Көрілді: 102
Жаңартылған: 13.11.2017 | 16:55
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар