Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Кәсіпкерлер тәжірибе алмасты

08.11.2017 | 16:36

 

Кәсіпкерлік саласы үнемі ізденпаздықты, біліктілікті арттыруды талап етеді. Президент бұл туралы Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» атап өткен болатын. Осы орайда Ордабасы ауданының кәсіпкерлері бәсекеге қабілетті арттыру халықаралық бағдарламасы аясында Түркия елінен іскерлік тәжірибе алмасып қайтты.

Түрік Республикасы экономика министрлігінің ұйымдастырған "Мал шаруашылығын экспорттау, қарқынды бауды дамыту, жеміс-жидекті сақтау және қайта өңдеу" тақырыбындағы танытым сапарына қатысып, өзара іскерлік тәжірибе алмасып қайтты. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Іс-сапар барысында делегация Нигде қаласындағы "Алма-ата" фирмасының 1000 гектарға орналастырылған қарқынды бауының, мал бордақылау алаңдарының жұмысымен танысты. "Алма-ата" серіктестігінің төрағасы Атилла Капланның мәлімдеуінше, бүгінде бұл фирма көкөніс экспорттау бойынша Түрік Республикасында үшінші орынды иеленген. Қазіргі таңда, Ордабасы ауданындағы 20 гектарға жайғасқан "Александровский сад" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бауын жетілдіруге қолдау білдіріп келеді. Сонымен қатар, ордабасылықтарға кәсіпкерлерді қолдау ісінің шетелдік нұсқасы таныстырылды. Арнайы дөңгелек үстел өтіп, онда екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Түркиялық кәсіпкерлер Қазақстанға келіп тірлік бастауға ниетті екендіктерін жеткізді. 
Іскерлік байланыс аясында топырақ ерекшеліктерін зерттеп, соған орай арнайы көшеттер жеткізіп беруді, оларды күтіп-баптау ерекшеліктерін үйретуді қолға алатындарын, сондай-ақ, мамандарды да оқытуға әзірліктерін жеткізді.

1491447296 4c4546b1ac09baad7535fa101e363485

 
Көрілді: 114
Жаңартылған: 13.11.2017 | 16:38
Категориялар: Қоғам