Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

ОҚО биыл арпа-бидайға "қарық болды"

13.09.2017 | 13:12
ОҚО биыл арпа-бидайға

       Мемлекет басшысының  «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында 2050 жылға қарай ел ЖІӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есеге артып,  ел агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасын әзірлеу көзделген болатын. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысында  бүгінгі таңда 219,5 мың гектар егіс көлемінің  84,7 пайызы жиналды. Бидай мен арпа ору жұмыстары 216,5 мың гектар жерде толығымен аяқталып, әр гектардан 18,4 центнерден 400 мың тоннаға жуық  өнім алынды.  37,5 мың гектар дәндік жүгерінің 3,0 мың гектары  жиналып, қамбаға 13,5 мың тонна өнім түсті. 

Оңтүстіктегі дәнді-дақылдарды жинау ағымдағы жылдың қазан айының ортасында  аяқталады деп жоспарлануда. Мәселен, мақсарының егіс көлемі облыс бойынша 112,1 мың гектарды құраса, оның 83,6 гектары жиналып үлгерген. Ал, өнім түсімділігі 7,7 центнерді құрап отыр. Күзгі егін жинау жұмыстарына Үкімет тарапынан  шілде-қыркүйек айларына 39 мың тонна жанар жағар май бөлініп, жанар жағар майдың 19,5 мың тоннасы шаруаларға таратылып берілген.

Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін әртараптандыру нәтижесінде мақта дақылы 2016 жылмен салыстырғанда 25,0 мың гектарға  артып,  134,6 мың гектарды  құраған.  Күзгі жиын-терімде өңір мақташылары  314 мың тонна шитті мақта жинауды  жоспарлап отыр. Сонымен қатар, облыс бойынша көкөніс, бақша, картоп жинау жұмыстары жүргізіліп, 2233 мың тонна өнім жиналып 95 пайызды құрады. Жиналған өнімдер негізінен республиканың басқа аймақтары мен көрші мемлекеттерге жіберілуде.

 

 
Көрілді: 126
Жаңартылған: 13.09.2017 | 13:16
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар