Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Турнир өтті

11.09.2017 | 12:59
Турнир өтті

          Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиялық Жоспарында «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет» деген тапсырмасы бар.  Аталмыш Жолдауды іске асыру мақсатында Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылындағы орталық стадионы мен спорт залында белгілі спортшысы Айтбаев Орынбекті еске алуға арналған футбол, волейбол және шахматтан дәстүрлі облыстық турнир өтті. Турнирдің ашылуында аудан әкімі Н.Тұрашбеков, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ф.Қаратаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттіліктер тіледі. Жарысқа футболдан сегіз команда, волейболдан сегіз команда және шахматтан ардагер ойыншылар қатысып, жарыс жеңімпаздары Айтбаевтар әулеті есебінен қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 
Көрілді: 73
Жаңартылған: 11.09.2017 | 13:01
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар