Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Білікті маман- болашақтың иесі

11.09.2017 | 12:52
Білікті маман- болашақтың иесі

     «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құруымыз керек»,- деп Елбасы «Қазақстан 2050» Стратегиялық Жоспарында атап өткен болатын. Жолдауды қолдау мақсатында «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі білікті маман» атты аудандық, қалалық мәдениет қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетуге арналған облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылып өткізілді. Семинарды облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Мамытханова Шолпан жүргізіп отырды.  Семинарда «Театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарламаны ұштастыру ерекшелігі» тақырыптары аясында баяндамалар оқылып, қазіргі қоғамдағы жастар мәселесі, жас отбасылардың арасында болып жатқан көріністер аясында мастер-класс көрсетілді. Сондай-ақ жастарды білім-ғылымды игерудің тиімді жолдары айтылды. Жиынның соңы аудандық мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламаға ұласты.

 
Көрілді: 67
Жаңартылған: 11.09.2017 | 12:54
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар