Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Тазалыққа ат салысты

11.09.2017 | 12:39
Тазалыққа ат салысты

     Табиғаты тамаша Түлкібас ауданының барлық елді мекенінде тазалық акциясы ұйымдастырылуда.  Бұл іске аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ мен ауданда құрылған "Жасыл ел" жасағы да кірісіп кетті. Аула, көшелерді абаттандыру, тазалау жұмыстарына әсіресе ауыл жастары белсене қатысуда. Олар күре жолдын бойында орналасқан Шақпақ баба ауылының орталық көшесіндегі қоршаулар мен қабырғаларды сырлап, біркелкі қалыпқа келтіру жұмыстарын істеді. Сондай-ақ жастар тазалық жұмыстарынан бөлек қайырымдылыққа да мән берді. Мәселен белсенділер аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жалғыз ілікті қарттар, Ұлы Отан соғысы  ардагерлерінің үйлерінің қабырғаларын ақтап, қоршауларын мен қақпаларына сырлау жұмыстары жүргізіп, үлкендердің ақ батасын алды. Мамандар бұл игі іс мұнымен тоқтап қалмай,  жалғасын табады дейді. Себебі аталмыш акция жастарды тазалыққа, патриоттыққа, мейірімділікке баулиды дейді.

       Айта кетейік, ауданда 26 ұлттың өкілі тұрады. Аудан халықаралық көлік магистральдің желісінде орналасқан. Түлібас ауданынан Шымкент-Самара автомагистралі кесіп өтеді. Ауданның әлеуметтік-инфрақұрылымында этно-клуб, спорттық сауықтыру комплексі, қонақ үйлер, мейрамханалар, туристік қонақ үйлер, салатанат үйлері т.б. жұмыс жасайды. 58 жалпы білім беру мекемесі, Түлкібас агробинес және саяхат   колледждері бар.   Денсаулық сақтау мекемелерінен 5 - аурухана, 1- емхана, 40- МП, 11 -дәрігерлік амбулатория, 25- дәріхана,  2 - жедел жәрдем бөлімі мен  «Ақсу-Жабағылы», «Ақбұлақ» және "Балықты санаториялары", "Тері венерологиялық және өкпе құрт диспансері" бар.

 
Көрілді: 89
Жаңартылған: 11.09.2017 | 12:42
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар