Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Бұқаралық спорт дамып келеді

11.09.2017 | 12:27
Бұқаралық спорт дамып келеді

          Мемлекет басшысы «Қазақстан 2050» Стратегиялық Жоспарында «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет» деген болатын. Жолдаудағы міндет бойынша Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылындағы орталық стадионында кәсіби спорт күні мерекесіне орай спорт қызметкерлері арасындағы кіші футбол, арқан тарту, асық ату және жүгіруден спартакиада өтті. Жарыстың салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Жанар Бектаева қатысып, спортшыларды мерекелерімен құттықтап, ауданның бірқатар спорт ардагерлерін алғыс хаттармен марапаттады. Орынбасардың айтуынша соңғы жылдары ауданда бұқаралық спортпен шұғылданатын тұрғындардың саны артқан, әсіресе спортты серік еткен жастардың қатары көбейіпті.
Сонымен спартакиадада жүлделі орын алған командалар дәрежелеріне сәйкес аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом,кубок және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 
Көрілді: 113
Жаңартылған: 11.09.2017 | 12:28
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар