Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Үздік отбасыны анықтады

10.09.2017 | 11:45
Үздік отбасыны анықтады

     «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында Елбасымыз  «Азаматтық татулық  пен ұлтаралық келісім - біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің  бірегей еуразиялық үлгісі болды» деп атап өткен болатын. Баршаға үлгі болған Оңтүстіктегі Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді.   8-ші қыркүйек - халықаралық отбасы күніне  орай  Ассамблея «Халықтық дәстүр – қалыптылық белгісі» атты фестиваль ұйымдастырды. Оған облысыздағы 20 этномәдени орталықтың мүшелері қатысып, 7 номинация бойынша үздік отбасыны анықтады. Байқауды ұйымдастырған Қазақстан Халқы ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облыстық хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесі 20 этномәдени орталық намысын қорғап келген өзбек, түрік, қазақ отбасыларында сақталған құндылықтарды екшеді.   Шара барысында аудан-қалалардан 20-ға жуық отбасы қатысты. Ерлі-зайыптылардың орта жасы 20 мен 30 төңірегінде болды. Олар қазақ халқының салт-дәстүрі, биі, шешендік өнерінен 7 номинация бойынша жарысқа түсті.  Қазақ мемлекет бірлігі жарасқан мерейлі отбасылырымен берік. Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат осы еді. Отбасы құндылығын сақтау, ұлт бірлігін ұлықтау, Елбасы мақаласын қолдау. Ал, фестиваль қорытындысында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 
Көрілді: 118
Жаңартылған: 10.09.2017 | 11:47
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар