Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Кооперативтер саны 596-ға жетті

10.09.2017 | 11:29
Кооперативтер саны 596-ға жетті

        Кооператив құрудың пайдасы орасан. Бұл туралы Мемлекет басшысы да «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында «Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау» керек деп қадам айтқан болатын. Алайда ел ішінде әлі де брiгуге күмәнданып жүргендерi  баршылық. Осыны ескерген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы сүт кластерін дамыту жайында Шымкенттегi механикалық зауытта семинар-кеңес өткiздi.  Жиынды облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев ашып бердi. «Түсiндiру жұмыстарының нәтижесiнде облысымызда кооперативтер көбейiп, республика бойынша бiрiншi орынға шықты. Мемлекет тарапынан еңбек етемiн дейтiн азаматтарға қолдау көрсетiлiп жатыр. Мәселен, биыл республика бойынша ауыл шаруашылығын несиелендiруге 27 миллиард теңге бөлiнсе, оның 3,2 миллиард теңгесi Оңтүстiк Қазақстан облысына бағытталып отыр, – деген өңiр басшысы кооператив басшыларына 10 модульдi сүт қабылдау бекетiнiң кiлтiн салттанатты түрде тапсырды. Тапсырып тұрып, сүт кластерiн дамыту – заман талабы екенiн де айта кеттi. Бүгiнде облыста 55 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалығы iрiленiп, бiрiктiрiлген кооперативтер саны 596-ға жеттi. Тиiстi қолдаудың арқасында 33 сүт қабылдау бекетi жұмысын бастап кеттi. Семинарда ауыл шаруашылығы саласының өкiлдерi көкейде жүрген түрлi сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Оларға мемлекет тарапынан берiлетiн жеңiлдiктер мен несиелер туралы мағлұмат жазылған үнпарақтар таратылды. Келешекте сүт қабылдау бекеттерi барлық ауыл округтерiнде орнатылып, оған тұрғындар сүт өткiзетiн болады. 

 
Көрілді: 140
Жаңартылған: 10.09.2017 | 11:31
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар