Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Жырым сенсің-туған жер"

09.09.2017 | 10:51

      Кеше  «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында облыстық күрд этномәдени бірлестігі жанындағы жастар қанатының ұйымдастыруымен "Жырым сенсің-туған жер" атты ән фестивалі өтті. Игі шараны ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Қалмұратов ашып, елдегі берекелі бірлікті сақтап, нығайтудың маңызына тоқталды. «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында Елбасымыз  «Азаматтық татулық  пен ұлтаралық келісім - біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің  бірегей еуразиялық үлгісі болды» деп атап өткен болтын. Расында да бүгінде Қазақ елінің Ассамблеясына қызықпайтын ел жоқ.

Осы орайда Оңтүстік өңірін мекен етіп отырған түрлі ұлт өкілдерінің ауызбіршілігін мақтанышпен айта аламын»,- деді ол.   

       Жас ұрпақтың санасына патриоттық сезімді, бірлікті, тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін өнер тілімен жеткізу мақсатында ұйымдастырылған шарада жас әншілер қазақ тілінде және өз ана тілдерінде ән шырқады. Концертке облысымызда туып өскен, бүгінде Ресейде тұрып жатқан белгілі әнші Барфин Мамедова қонақ ретінде қатысып, қазақ халқының бауырмалдылығын, қонақжайлылығын , мейірімділігін ешқашан ұмытпайтынын жеткізді. Қазақ тілінде ән орындап, туған жерге деген сағынышын әнмен жеткізді. Іс-шара соңында ел, жер, туған өлке тақырыптарындағы әндерді үздік орындаған әншілер алғыс хаттармен марапатталды. Облыстық күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы Әзімбай Надировтың айтуынша өңірімізде 10 мыңдай күрд этносы мекен етсе, олардың 2700-і жастар. Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру бағытында түрлі іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді.

 
Көрілді: 172
Жаңартылған: 09.09.2017 | 10:53
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар