Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мүгедектерге қолдау көрсетті

08.09.2017 | 17:47
Мүгедектерге қолдау көрсетті

      «Жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын  жұмысқа белсене тартып, оларды еңбекақымен қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу қажеттігі маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасайды. Біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз». Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында айтылғандай мүгедек жандарды жұмыспен қамту, оларға кәсіп ашуға жәрдемдесу қажеттігін алға  тартқан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен Мақтарал аудандық ішкі саясат бөлімі«Жүрегім толы мейірім» атты игі шараны ұйымдастырды.

      Мақтаралда мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіп ашуы жеңілдеген.  Мақтаралда Жастар ресурстық орталығы мен бір топ жомарт кәсіпкер бірігіп мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап «Жасдрайв» жобасын қолға алды. Акция аясында облыс орталығынан арнайы келген психолог Жұлдыз Балтабаева ерекше күтімді қажет ететіндерге моральдық қолдау көрсетті. Күйзелістің алдын-алу, өз кәсібін ашып, жобасын іске асыру бойынша ақыл-кеңесін берді. Облыс деңгейінде алғаш рет бастау алған жобаға арнайы күтімге мұқтаж 14 пен 29 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер қатыса алады. Ол үшін небәрі үш құжат: жеке куәлік, мекен-жай анықтамасы және мүмкіндігі шектеулі  екенін растайтын анықтама керек. Қалған істі аудандық жастар ресурстық орталығы мен кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері реттейді. Үздік деп танылған 10 жоба 300 мың теңгенің қаржылай сыйақысына ие болады. Игі бастама облыстың барлық ауданында жалғасын табатын болады.

 
Көрілді: 134
Жаңартылған: 08.09.2017 | 17:49
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар