Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жас мамандар жұмыссыз қалмайды

08.09.2017 | 17:36
Жас мамандар жұмыссыз қалмайды

Қолына диплом ұстаған жас түлектердің жұмысқа әп-сәтте орналасып кетуі қиын. Сондықтан бұл проблеманың алдын алған  Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті өз шәкірттеріне арнап, семинар өткізді. Оған теориялық білімді практикамен ұштауға көмектесетін жұмыс орындарының басшылары да шақыртылды. Семинарда мамандар Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарын талқылады. Онда мемлекет басшысы әлемде қаншама адам екі қолға бір күрек таппай жүргенін айта келе, сол үшін  жұмыссыздықпен күресіп, әсіресе жастардың біліктілігін арттыруға баса мән берген болатын. Жолдауды алға тартқан университет басшылығы  өз түлектерін жүмыспен қамтуды мойнына алыпты. Мәселен биыл қолына диплом алатын жастардың  кемі 80 пайызын жұмыспен қамтуға білім ордасы мейлінше күш салуда. Шәкірттерді оқу-өндірістік тәжірибеден өткізу үшін қазірдің өзінде алдыңғы қатарлы білім ұяларымен келісім-шарттар түзілген. Бұл жиын студенттерді болашақ әріптестерімен жақындата түскендей. Теориялық білімін жаңа үрдіске сай практикамен ұштастыруға бек дайын.   Жиынға арнайы қатысқан орта мектеп ұстаздары да Халықтар Достығы университетінің ғылыми-техникалық базасына риза болды. Профессорлық-оқытушылар құрамына да баға жоғары.   

 
Көрілді: 189
Жаңартылған: 08.09.2017 | 17:39
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар