Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Асқар Жұмаділдаев: «Ми­нистр­ліктің ұсынысының астарында қазақ тілі тек отбасы-ошақ қасында қалуы керек де­ген саясат тұр»

25.05.2016 | 10:43

 

Белгілі академик, математик Асқар Жұмаділдаев «Қазақ әдебиеті» газетіне жариялаған мақаласында мектептердегі сабақты үш тілде өту бастамасына қатысты мынандай пікір білдіріпті:

-- Мәселен, біз да­мы­ған 30 елдің қа­та­ры­на қосыламыз дейміз, 30 елдің барлығы, ішін­де ең мықтысы Америка болса, сол ел­дің тұрғындары гамбургер жейді. Білім са­ласындағы мына өзгерістер ендігі жерде біз қазы-қарта жемей, гамбургер жейміз де­генге үгіттейді. Қазы-қартадан гамбургер дұрыс деген сөз. Осы реформалар ар­қы­лы практиканы шыңдаймыз деген уәж ай­тады. Егер сіз ғылымды меңгерсеңіз, есеп шығаруды білсеңіз практиканы мең­геру қиын емес.

Менің білуімше, Сингапур мен Малайзия математиканы ағылшын тілінде оқытады. Біздің басшылар осы елден үлгі алмақшы, неге Жапониядан үлгі алмаймыз? Кезінде жапон елі де өздерінің ие­рог­лифтерін өзгертіп жаңа әліпби жасап, жоғары сынып оқушыларына бүкіл ғы­лымды ағылшын тілінде оқытпақшы бол­ған. Бірақ ойласа келе, әліпбиді өзгертсек, ағылшын тілінде оқысақ, алғашқы кезде тез жылдам дамуымыз мүмкін, бірақ ұт­қанымыздан ұтылғанымыз көп болады д­егенге тоқтаған. Жапонияның мың­жылдық тарихы бар. Сонда біз неге кеше ғана құ­рылған елдерге жүгінуіміз керек... Білім алу деген де ақпарат алу деген сөз. Демек, сіз оқу білімді өзге тілде бе­ре­мін десеңіз, Конституцияны бұзғаныңыз. Олай болса, жаратылыстану пәндерін ағыл­­шын тілінде өткіземін деген ми­нистр­ліктің ұсынысының астарында қазақ ті­лі­нің ғылымға икемі келмейді, қазақ тілі тек отбасы-ошақ қасы болып қалуы керек де­ген саясат тұр. Ал ол – Конституцияны бұзу», деп жазыпты академик.

 
Көрілді: 20514
Жаңартылған: 25.05.2016 | 10:45
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар