Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстанның кей өңірінде келесі жылы 5G іске қосылады

14.08.2018 | 16:32
Қазақстанның кей өңірінде келесі жылы 5G іске қосылады

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 5G-дің Қазақстан аймағына ену мерзімін атады.

“Келесі жылы Шарм-эль-Шейхте Халықаралық электробайланыс одағы стандарттарды қабылдайды, оған сәйкес 5G бүкіл әлем бойынша жүзеге асырылатын болады. Біз осы жұмыстарды Халықаралық электробайланыс одағымен қорытындылаймыз және стандарттар анықталатын болады”, – деді министр.

Министрдің айтуынша, пилоттық жүйеде 5G еліміздің кей өңірінде іске қосылады.

«Біз пилотты жүргізуді жоспарлап отырмыз, бұл Алматы, Астана, Алматы және Ақмола облыстарында болады. Осы төрт облыста 2019 жылдың екінші жартысында іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деп түсіндірді Дәурен Абаев.

what

 
Көрілді: 6084
Жаңартылған: 14.08.2018 | 16:43
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика