Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Грант иегерлерінің тізімі электронды түрде ұсынылады

05.08.2018 | 09:31
Грант иегерлерінің тізімі электронды түрде ұсынылады

ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтайды. Отырыстар қорытындысы бойынша білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10.00-де жарияланатын болады», - делінген ҚР БҒМ-ның Фейсбуктегі парақшасында. Грант иегерлерінің тізімі келесі сілтемелер бойынша қолжетімді болады: egemen.kz, kazpravda.kz, testcenter.kz сайттарында немесе @testcenterBot телеграм боты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл электронды түрде жарияланады. Тізімді жоғарыда көрсетілген сілтемелер бойынша өтіп, танысуға болады.



 
Көрілді: 4926
Жаңартылған: 06.08.2018 | 09:35
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика