Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Qazkom және Halyk банктері туралы желіде жалған ақпарат тарады

20.07.2018 | 10:51

Halyk Group Qazkom мен Халық банкінің бірігу процесі аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Екі банктің интеграциялану процесін аяқтағалы отырмыз. Бұл ТМД-дағы ең ауқымды әрі теңдессіз интеграция процесі. Негізгі жұмыстар орындалды, банктер бірыңғай технологиялық платформаға өтті. Бұл клиенттерге, тіпті, байқалған да жоқ әрі қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасына әсер етпеді», - делінген хабарламада. Halyk Group өкілдерінің айтуынша, Qazkom және Halyk банктерінің қызметі туралы соңғы күндері әлеуметтік желіде таралған жағымсыз ақпараттар шындыққа жанаспайды. «Техникалық бірігудің соңғы кезеңі шілденің аяғына қарай іске асырылады. Интеграцияның соңғы күндері, атап айтқанда, 27 шілдеде Қазкомның бөлімшелері шектеулі режимде жұмыс істейді. Ал банкоматтар желісі үзіліссіз жұмыс істейді, төлемдер және картадан ақша аудару қолжетімді болады. 30 шілде, дүйсенбі күні банктердің барлық бөлімшелері клиенттерге толық қызмет көрсете бастайды», - делінген мәлімдемеде. Halyk Group, сонымен қатар Halyk Bank және Qazkom қызметі туралы жалған ақпарат таратқандарға құқық қорғау органдарына шағым түсіруі мүмкін екенін ескертеді.  

20180719201031



 
Көрілді: 2989
Жаңартылған: 19.07.2018 | 23:57
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика