Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Еліміздегі ең арзан жолақы - Түркістанда

26.06.2018 | 13:33
Еліміздегі ең арзан жолақы - Түркістанда

Еліміздегі  ең арзан жол ақысы - Түркістанда. Бұл туралы облыс орталығындағы жолаушы тасымалдаушы компанияның басшысы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жолаушы» компаниясының бас директоры Рахым Тәңірбергеновтың сөзінше, қазір қаладағы қоғамдық көліктер жол ақысына бар болғаны 40 теңгеден алады. Ал, 5-сыныпқа дейінгі оқушылар тегін тасымалданады. «2007 жылға дейін жолақы 10 теңге болып келген. 2016 жылға дейін 20 теңге болды. Одан кейін  қалалық мәслихаттың депутаттары бізге 50 теңге қылып бекітіп берген. Алайда біз 40 теңгемен ұстап отырмыз. Себебі, қымбаттатсақ халықтың тұрмыстық жағдайына әсер етеді. Сондықтан біз халыққа  «қанатымен су сепкен қарлығаш» сияқты аз да болса, қарасайық деп шештік. Егер күнделікті бір үйден бес адам автобусқа мінетін болса, біз жолақыны үнемдеу есебінен сол үйге 5-6 бөлке нан қалдырып отырмыз деген сөз», - дейді Рахым Тәңірбергенов. Бүгінде облыс орталығына айналған  қаладағы көлік қатынасын реттеу «Жолаушы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген. Серіктестік басшылары  бағаны көтеруді емес, халыққа сапалы қызмет көрсетуді көздейтінін айтады. Мұндай жеңілдіктерге қала тұрғындары да дән риза. Алдағы кезде де қалыптасқан бағаның сақталып қалатынына сенімді.  

22



 
Көрілді: 4614
Жаңартылған: 26.06.2018 | 15:21
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика