Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Түркістан облысы құрылды

20.06.2018 | 09:22
Түркістан облысы құрылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының пайда болуына байланысты пікір білдірді. Осы орайда ҚР Президентінің аталған тарихи оқиғаға байланысты видеосын AkordaPress әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгін «Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының тоғызыншы бабына сәйкес, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғалы отырмын. Бұдан былай бұл өңір Түркістан облысы деп аталатын болады. Осы әкімшілік аумақтың құрылымына өзгеріс енгізу арқылы бұл өңірдің өркендеуіне тың серпін беруді көздеген тарихи құжат болып саналады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы Оңтүстік Қазақстан еліміздегі экономикалық, көлік-логистикалық, демографиялық әлеуеті зор аймақ екенін, биыл халқының саны миллионға жеткен Шымкент шаһары Қазақстандағы ең ірі мегаполистің қатарына қосылғанын еске салып өтті. Атап айтқанда, Тәуелсіздік жылдарында Астанадан кейін Шымкент миллионнан аса халқы бар қала ретінде тіркелді. 

«Мында облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 60 пайызы Шымкентте шоғырланған. Шаһар еліміздегі жетекші сауда-өнеркәсіп және мәдениет ошақтарының бірі болып саналатынын  білеміз. Қаланың осындай мүмкіндіктерін ескеріп, оған республикалық мәртебе беру жөнінде шешім қабылдадым. Ал облыс орталығы Түркістан қаласына көшіріледі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

04

 

 
Көрілді: 4146
Жаңартылған: 20.06.2018 | 09:30
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика