Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстанда жаңа баспаналар 1,4% қымбаттады

08.06.2018 | 09:57
Қазақстанда жаңа баспаналар 1,4% қымбаттады

2018 жылдың мамырында Қазақстанда жаңа баспананың бір шаршы метрінің орташа бағасы 263 853 теңгені құрады. Бұл өткен айдағы көрсеткіштен 0,3 процентке, 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,4 процентке жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетіне сілтеме жасап. Қайта сатылған жайластырылған пәтердің 1 шаршы метрінің орташа құны мамыр айында 186 564 теңгені (өткен айдағы көрсеткіштен 0,2 процентке және өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,5 процентке артқан), ал жайластырылмаған баспана  - 115 513 теңгені (сәйкесінше, +0,1 процент және +0,9 процент) құрады. Қазақстанда жайластырылған баспананы жалдаудың 1 шаршы метрінің орташа бағасы өткен айда 1341 теңге (0 және +0,9 процент) болды.

18   

 

 
Көрілді: 4954
Жаңартылған: 08.06.2018 | 10:04
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика