Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шенеуніктерге шетелдік көлік мінуге тыйым салынуы мүмкін

23.04.2018 | 15:35
Шенеуніктерге шетелдік көлік мінуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстандағы автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы елдегі мемлекеттік мекемелердің шетел көліктерін сатып алуына тыйым салуды ұсынды деп хабарлайды Zakon.kz.

Одақ төрағасы Олег Алферовтың айтуынша, 2017 жылы Қазақстандағы мемлекеттік мекемелер шетелде жасалған 461 автокөлік сатып алған. Оны сатып алуға кеткен жалпы сома 4,7 млрд теңгеге тең болған. Оның пікірінше, дәл осы жайт шетелдік автокөліктерді сатып алуға тыйым салу туралы, ал отандық өндірушілерге жеңілдік беру туралы ұсыныс тастауға себеп болған. Алферовтің айтуынша, қазіргі күні мәжілісте мемлекеттік сатыпалулар туралы заңға түзетулер енгізу жөніндегі жұмыстар жасалып жатыр. Сондықтан ол ұсыныстары елеусіз қалмай, мемлекеттік органдар тек қана отандық автокөліктерді сатып алатын болады деп сенеді. Олег Алферовтің айтуынша, тендер арқылы сатып алынып жатқан автокөліктердің үштен бірі "Лада" көлігі болып саналады.

027

 

 
Көрілді: 1704
Жаңартылған: 23.04.2018 | 15:43
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика