Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Әлеуметтік мемлекеттің» қазақстандық моделі

07.03.2018 | 11:50
«Әлеуметтік мемлекеттің» қазақстандық моделі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Парла­менттің бірлескен отырысында ел тұрғындарының өміріне тікелей әсер ететін, әлеуметтің әлеуетін арттыра түсетін бес бастамасын жария­лағаны белгілі. Президент ұсынған қадамдардың маңызы мен ауқым­ дылығы тұрғысынан Қазақстанның әл-ауқатын еселеумен бірге әлемдегі «әлеуметтік мемлекет» тұжырымдамасының қазақстандық моделін нақтылай түсті.

     Дамыған мемлекеттердің тәжіри­бесінен көріп отырғанымыздай, та­бысты әлеуметтік мемлекеттің уни­версалды формуласы жоқ. АҚШ-та азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүгі мемлекетпен қатар жеке сектордың жауапкершілігінде болса, «Солтүстік Еуропалық» модель бойын­ша азаматтардың мемлекет тарапынан алатын әлеуметтік қолдауы олардың мемлекетке төлейтін салық көлеміне тікелей тәуелді. Осы орайда ширек ғасыр бұрын экономикалық жүйенің жаңа формациясына көшкен біздің ел үшін әлеуметтік мемлекеттің өзіндік моделі болуы заңды құбылыс.

     Әдетте дамыған елдер әлеуметтік саясатты күшейту үшін салықты көтеруге мәжбүр болады. Дәлірек айтқанда, халыққа арналған әлеуметтік жәрдем бизнестің қалтасынан төленеді. Егер ол елдерде кәсіпкерлік ақсап жат­са, әлеуметтік көмек қысқарып, биз­неске жағдай жасалады. Ал бизнеске жеңілдік беру мен әлеуметтік саясат­ты күшейтуді қатар алып жүретін жағ­дай жасаған Қазақстан Президенті «әлеуметтік мемлекет» ұғымына жаңа көзқарас енгізді.

    Қазақстандық модельдің ерекше­ ліктері тәуелсіздік жылдары жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің әлеуметтік саясатымен үндес «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасын­ да толық айқындалды. Ең бастысы, бес әлеуметтік бастама халықаралық қауым­дастық мойындаған «әлеуметтік мемлекет» ұғымының үш принципіне де толық­ тай сәйкес келеді. Мәселен, мүмкіндіктің теңдігі принципіне сәйкес білім грантын 20 мыңға арттырып, 75 мың студентті жатақханамен қамтамасыз ету бастама­сы қала және ауыл жастарына бірдей са­палы білім алуда және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуда мемлекет тарапынан жасалған нақты қолдау.

      Байлықтың әділ бөлінісі принципіне сәйкес азаматтарымыз «7 – 20 – 25» бағдарламасы арқылы қолжетімді бағамен баспаналы болуға мүмкіндік алса, 14 мыңға жуық кәсіпкер тиімді шарттармен шағын несие алу арқылы өз бизнесін дөңгелететін болады. Одан бөлек, жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіштен төмен қазақстандықтар 10 пайыз табыс салығының орнына 1 пайыз салық төлейтін болады. Сон­дай-ақ Елбасы келешекте прогрессивті салық жүйесін енгізу мүмкін­дігі қарастырылатынын да атап өтті. Қоғамдық жауапкершілік принципі­ не келсек, түрлі әлеуметтік топтарға кіретін отандастарымыз қолжетімді баспана, «Нұрлы жер», «Өрлеу» және т.б. көптеген мемлекеттік бағдарлама­лардың қолдауын пайдаланып келеді.

     Осылайша әлеуметтік мемлекеттің қазақстандық моделі дегеніміз – әлеумет­тік қолдауға мұқтаждарды қорғай оты­рып, адами капиталды үздіксіз дамы­ту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және сол арқылы азаматтарымыздың әл-ауқатын күшейтіп, мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты бірте-бірте азайту. Сондықтан «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» қазақстандық модельді одан әрі жетілдіріп, еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруіне оң ықпал етеді деп сенеміз.

     Шынайы әлеуметтік мемлекетте азаматтардың барлығына шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, теңдей мүмкіндік беріледі. Бұл мүмкін­діктер әлеуметтік теңсіздіктің терең­деуіне тосқауыл болады. Орта білім және жоғары білімнің тегін болуы, студенттердің жатақханалармен толықтай қамтамасыз етілуі тұрмыстық жағдайы мүлдем нашар отбасы балаларының өзіне әлеуметтік лифті бойынша жоғары өрлеуге жол ашады. Шағын несиелеу бастапқы қаражаты жоқ адамның өзіне кәсіп ашуға көмектеседі. Тұрғын үйдің қолжетімді болуы қазақстандықтардың бәрін меншік иесіне айналдырып, еліміздің тұрақтылығын арттыра түседі. Осылайша «Президенттің бес әлеу­меттік бастамасы» салмағы мен ауқым­дылығы бойынша алдағы онжылдыққа бағдар болады деп ойлаймыз.

     Ең бастысы, жер-жаһан жаңарып, тіршілік атаулы теңелетін жұрт жақ­сылыққа кенелетін береке-бірліктің бастауындай әз Наурыздың басын­ да жарияланған бұл Үндеудің игілігі ұлысты ұйыстырып отырған, ел мен жердің иесі ретінде бәріне жауапты мемлекет құраушы ұлттың болашағын баянды етуге арналғаны анық. Ендеше Елбасы ерекше атап өткендей, бес бас­тама балталаса да бұзылмайтын берік бірлігімізді бекемдей түседі деп бек сенеміз!

1520394561 article b 1500

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»


 
Көрілді: 2499
Жаңартылған: 07.03.2018 | 11:54
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика