Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жыл сайын 70 мың жер телімі беріледі

25.01.2018 | 10:49
 Жыл сайын 70 мың жер телімі беріледі

    «Жеке құрылыс мәселесі өте өзекті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев та еске салып өтті. Расымен өңірлерде барлық жерде бірдей бұл мәселемен тікелей айналыспайды. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында жыл сайын барлық коммуникациялар жүргізілген 15 мыңға дейін жер телімі бөлінеді. Премьер-Министр бұл мәселені бақылауға алуды өзінің орынбасары Асқар Маминге тапсырды. Сондықтан, біз енді ай сайын соның деңгейінде жеке тұрғын үй құрылысы барысын қарайтын боламыз», — деді деді осы аптада Үкіметтің баспасөз орталығыныда өткен брифингте инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

     Журналистердің сұрақтарына жауап берген Жеңіс Қасымбек жыл сайын жеке тұрғын үй салу үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша 40-50 мың жер телімін бөлу жоспарланғанын атап өтті. Алайда, 2017 жылы инженерлік коммуникациялар 70 мыңнан астам жер теліміне жүргізілді және олардың бәрі жеке үй салушыларға бөлінді. 2018 жылға сондай-ақ 70 мың жер телімін бөлу жоспарланған.

      Министр сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй салушыларға қойылатын талаптарға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Астана, Алматы, Атырау, Ақтауда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 180 000 теңгеден, ал қалған қалаларда — 140 000 теңгеден аспауы тиіс.

      Астана мен Алматыдан басқа барлық өңірлерде жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу қарастырылған.

 
Көрілді: 2097
Жаңартылған: 25.01.2018 | 10:52
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика