Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстан әлем елдерінің рейтингісінде 70-орын алды

23.01.2018 | 17:37

 

Әлемде Швейцарияға жететін ел жоқ. Осы аптада US News & World Report журналы әлемдегі ең үздік деген елдердің рейтингісін шығарды.

Рейтинг тоғыз категория бойынша жасалды. Оның ішінде туристік сала, инновация, әлеуметтік сала, мәдениет, экономиканың өсуі, бизнеске жасалған жағдай, халықтың тұрмыс деңгейі мен әлемдік аренадағы ықпалы және тарихи мұрасы бар.

Рейтингтке жалпы сексен ел кірді. Тізімді Швейцария бастап, бұдан кейін орындарды Канада, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Швеция мен Австрия және АҚШ алды.

Ресей 26-шы орын алып, былтырмен салыстырғанда бір сатыға көтерілді. Украина 69- орын, Қазақстан-70 орын, Беларусь -72 орын. Рейтингің соңында Алжир бар.

755166959178098

 
Көрілді: 2266
Жаңартылған: 23.01.2018 | 17:41
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика