Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Астанада Б.Сағынтаев әлемнің 30 елінің инвесторларымен кездесу өткізді

05.12.2017 | 16:47
Астанада Б.Сағынтаев әлемнің 30 елінің инвесторларымен кездесу өткізді

     Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені, металлургия, мұнай өңдеу, химия және машина жасау салаларында инвесторлар үшін зор мүмкіндік ұсынылады. Бұл туралы бүгін елордада халықаралық 100-ден астам компанияның қатысуымен өтіп жатқан ауқымды форумда айтылды.

       Онда Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев елімізде экспорттық мүмкіндік молайып келе жатқанын тілге тиек етті. Себебі Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен көршілес жатқан Қытайға емін-еркін тауар тасымалдауға жол ашылды. Сондай-ақ салықтық және кедендік заңнамалар түбегейлі өзгертіліп жатыр. Жалпы елімізде мыс, алтын, ванадиймен қоса сирек кездесетін металл өндірісін өркендетуге бағытталған жаңа жобалар да бар. Айта кетейік, форумға әлемнің 30 мемлекетінен іскерлік топ өкілдері қатысты. Шара аясында ел үкіметі олармен инвестициялық 13 келісім бекітті. 

        Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі: 

  - Үкіметтің басты мақсаты – Қазақстанға жаңа инвестицияларды тарту процесін ынталандырудың ауқымды әрі орнықты стратегиясын қалыптастыру. Біз бүгінгі кездесуді осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалаймыз. 2014-2016 жылдардағы қиыншылықтардан соң ел экономикасы тұрақтала бастады. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде биылғы жылдың 10 айындағы ЖІӨ өсімі 4 пайызға жетті.


 
Көрілді: 209
Жаңартылған: 05.12.2017 | 16:51
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика