Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ұлттық банк: Теңгенің құнсыздануына адамдардың негізсіз әңгімелері әсер етті

13.09.2017 | 12:56
Ұлттық банк: Теңгенің құнсыздануына адамдардың негізсіз әңгімелері әсер етті

Бензин бағасының құбылуына Ресей рублінің де әсері болуы мүмкін. Кеше рублдің долларға шаққандағы құны біраз әлсіресе, ал теңгеге шаққанда біршама нығайды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Ұлттық валюта екінші күн қатарынан ұтылып отыр. Ал сарапшылар болса “Ирма” дауылының пайда болуы да мұнайға деген сұранысқа әсер еткен көрінеді.

Теңгені нығайту үшін Ұлттық банк тамыз бен қыркүйекте доллар сатқан еді. Дегенмен теңгенің құлдырап кетуіне бас банкир сарапшыларды кінәлайды. Ақышевтің айтуынша, олардың девальвация туралы болжамдары теңгенің құнсыздануына соқтырып отыр.

“ЭКСПО халықаралық көрмесі аяқталғаннан кейін немесе Ресейге салынған санкциялардан соң теңге девальвацияға ұшырады деген болжамдар көбейіп кетті. Нарықтағы тұрақсыздыққа құмар адамдар осындай өсек тудырып отыр”, – дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

 
Көрілді: 209
Жаңартылған: 13.09.2017 | 12:59
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика