Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Роман Скляр: Жыл басынан бері 53 мың пәтер салынды

17.08.2017 | 14:31
Роман Скляр: Жыл басынан бері 53 мың пәтер салынды

  Жыл басынан бері елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 53 мыңнан астам пәтер салынған. Жыл соңына дейін 100 мың отбасыны баспанамен қамту жоспарланып отыр.    Сондай-ақ 60 мың жер учаскесі қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.    Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен брифинг барысында Инвестициялар және даму министрінің орынбасары  Роман Скляр мәлімдеді. Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде еліміздегі 7 бірдей банк құрылыс компанияларына несие беру жөніндегі жобаларға қатысатынын растаған.    «Ендігі меже - міндетті мінсіз орындау», - дейді сала басшылары.  Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:  - Тұрғын үйлерді тапсыру бойынша Астана, Алматы қалаларымен қатар Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары көш бастап тұр. Ағымдағы жылдың 7 айы бойынша тұрғын үй құрылысына 445 млрд теңге қаржы жұмсалған. Оның 75,5 мемлекеттің қаржысы екенін атап өткен жөн.


 
Көрілді: 492
Жаңартылған: 17.08.2017 | 14:36
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика