Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Алакөлге баратын тас жол жөнделіп жатыр

11.08.2017 | 09:38
Алакөлге баратын тас жол жөнделіп жатыр

     Алакөлге баратын тасжолды жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі. Жұмыстар 2021 жылы толық аяқталады.   

     "Туристік аумақтарға апартын автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасы бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" биыл жолды толық жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алакөлге апаратын Талдықорған - Өскемен тасжолының 763 шықырымы жөнделеді. Мердігерден жұмыс аяқталған кезде қабылданады", - дейді компания өкілдері. 

 Бұл жоба халықаралық қаржы институттарының қаражатына жүзеге асырылады. 

 
Көрілді: 286
Жаңартылған: 11.08.2017 | 09:43
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика