Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 18 көпір пайдалануға беріледі

01.08.2017 | 14:40
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 18 көпір пайдалануға беріледі

 

Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 18 көпір тиісті жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріледі. «Нұрлы жол» бағдарламасы  іске асқанына аз уақыт болса да халық шарапатын көріп үлгерді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда 13 жол күрделі жөндеу көріп жатса, 5 көпір орташа жөндеу жұмыстарынан өтуде. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, аталған нысандар толығымен пайдалануға берілгенде бұл жағдай, өңірдегі жөндеуді қажет ететін көпірлер санының 101-ге дейін азаюына мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, жөндеуді қажет ететін көпірлерді жою мақсатында осы жылы 26 көпірге, яғни, 11 өткелге күрделі жөндеу, 15 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде. Жылқорытындысыменаталған 26 жобаға тиіст сараптама қорытындысы алынуы күтілуде. Осыған сәйкес, 26 жобаға құрылысты жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, аталған нысандарға келесі 2018 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілетін болады.

Айта кету қажет, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жалпы 409  көпір бар. Аталған нысандардың 290-ы қанағаттанарлық жағдайда болса, қалған 119-ы жөндеуді қажетет етін көпір болып табылады.

 
Көрілді: 396
Жаңартылған: 01.08.2017 | 14:41
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика